Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне биыл 8-сыныпқа көшкен оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz сілтеме жасап.
Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД қызметкерлері, оның ішінде дрон және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.
"Арада үш сағаттан астам уақыт өткенде баланың денесі судан шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала шомылуға арналмаған орында, белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау және шомылуға арналмаған орындарда суға түспеу туралы ескертеміз", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.