Ұлыбританияда әлеуметтік төлемдер қысқартылмақ. Заң шығарушылар мүгедектігі бойынша жәрдемақы алу шарттарын қатаңдататын реформаны қолдады.

Лиз Кендалл, Ұлыбритания еңбек және зейнетақы министрі:

9 миллион еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істемейді, тіпті жұмыс іздеуге талпынбайды. Онда қалайша әлеуметтік теңдік пен әділдік туралы айтуға болады?!

Биліктегілердің пайымдауынша, жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жандар масылдыққа салынып отыр. Қазіргі ережелер еңбекке қабілетті мүгедектерді оған ынталандырмайды. Бастапқыда жәрдемақыны қысқарту арқылы жыл сайын 5 млрд фунт үнемдеу көзделген. Бірақ кей депутаттардың қарсылығынан кейін реформа талаптары жеңілдетілді. Енді жаңа ережелер тек болашақта өтініш беретіндерге қолданылады. Енді жылына шамамен 2 млрд фунт қана үнемделмек. Соның кесірінен 150 мың адам кедейшілік қамытын киюі мүмкін деген қауіп бар.

Адам Габси, «London Inclusion» қайырымдылық ұйымының тең төрағасы:

Мен арбаға әдейі таңылған жоқпын. Бұл менің кінәм емес. Енді маған кім көмектеседі?

Марина Бекенова