"Қазгидромет" ертең, сенбіде 17 өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 12 шілде күні Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.
12 шілдеде күндіз Ұлытау облысында 35-36 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз 35-37 градус ыстық. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде күндіз Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 40 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Қостанай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12-14 шілдеде Алматы облысында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда 12-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Ақмола облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Сотүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілдеде Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз