Алматыда бүгін, 11 шілдеден бастап №60 жолаушылар автобусының жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының Көлік холдингі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл өзгеріс Медеу ауданында Орманов көшесінен Базарбаев көшесіне дейін, сондай-ақ Базарбаев көшесінен Құмай көшесіне дейін, су құбырын қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілді.
№60 автобустың жүріс кестесі:
- Шығыс бағытта: Қалдаяқов – Төле би – ШААЖ, ары қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: ШААЖ – Төле би – Қалдаяқов, әрі қарай сызба бойынша.
Сондай-ақ бұл жүріс бағытының жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін өз күшін сақтайтыны да нақтыланады.
Бұған дейін Астанада LRT құрылысына байланысты жолдарда тағы бір шектеу енгізілгенін жазғанбыз.