Алматының әлеуметтік кәсіпкерлері мемлекет тарапынан салық жеңілдіктерінің қарастырылуын сұрайды. Оған қоса жұмыс істеуге қолайлы ғимараттың жетіспеушілігі мен өз өнімдерін өткізетін орындардың болмауы да алаңдатады. Кәсіпкерлердің айтуынша, қордаланған мәселелер қалалық әкімдікпен үш жылдан бері талқыланса да, оңтайлы шешім табылмай келеді. Олар өздерінің мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілектерін Respublica партиясының қалалық филиалы мен қалалық мәслихат депутаттарының кездесуінде жеткізді. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп жатқанын, қыркүйекте Парламент қабырғасында қаралатынын жеткізді.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әлеуметтік кәсіпкерлер жалпы кәсіпкерлерге қарағанда мүгедек адамдарды, осал топтағы жандарды жұмыспен қамту, оларды қоғамдандыру мәселесімен айналысатын ерекше адамдар деп білемін. Мемлекет тарапынан жасалып жатыр, беріліп жатыр, бірақ оның сапасын қадағалау керек.
Жазира Оразқызы