Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында футзал қауымдастығының басшысы ауысқаны туралы хабарлады.
Ұйымның президенті болып журналист, спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, Нұрсұлтан Құрман 2023-2024 жылдар аралығында аталмыш қауымдастықтың вице-президенті қызметін абыроймен атқарды. Ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жауапты саналды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап ол Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болса, мамырда ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енген еді.
Шыны керек, Нұрсұлтан Құрман – спорт саласында мол тәжірибе жинақтаған менеджер маман. Журналист әртүрлі деңгейдегі футбол және футзал чемпионаттарын, турнирлерін тұрақты түрде қолдап, бірқатар медиа-жобаның жүзеге асуына септігін тигізді.