"112" қызметіне Чехов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен .

ТЖМ қызметкерлері 2 қабаттағы пәтерлердің бірінде ас плитасында тамақтың жанып кеткенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жағдай пәтер ішінде қалың түтіннің пайда болуына себеп болып, көршілес тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Өрт сөндірушілер үш сатылы баспалдақ арқылы терезеден пәтерге кіріп, 1938 жылы туған қарт әйелді құтқарды.

Құтқарушылар кейуананы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының мамандары жетіп әжейді толық тексеріп шықты.