Нұрлан Атығаев Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Әлеуметтік желіде Атығаевтың қызметінен кетуін жуырда әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев көшесінің қиылысында болған өртпен байланыстырды – 9 шілдеде сол жерде жүк көлігі өртенген еді.
Желіде өрт сөндірушілердің өртті сөндіріп жатқаны бейнелеген видео жарияланды. Кадрлардан өрт сөндірушілердің арнайы құрлығының көмегімен жанып жатқан көлікті сөндірмек болғанын, алайда көбік шықпай жатқанын байқауға болады.
Бұл оқиғадан кейін Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында Атығаевтың қызметінен кетіп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.
"Бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жұмыстан босату туралы рапорт жазғанын жазып жатыр. Мұның кешегі Назарбаев көшесіндегі өртке қатысы бар ма, білмеймін, бірақ "ГАЗель" автокөлігін сөндіріп жатқаны туралы роликтер нағыз мемге айналды", — деп жазады пост авторы.
Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі Атығаевтың қызметінен кетуі бұл оқиғаға еш қатысы жоқ екенін мәлімді.
"Бұл – Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістерге байланысты.
Өзгерістердің мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа қатысы жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз