Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінде айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын айтты.
"Платформа қазір тәжірибе-өнеркәсіп бойынша пайдалану кезеңінде, желтоқсанда оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр", — деді ол.
Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленовтің сөзінше, цифрлық теңге бүгінде оннан аса бағыт бойынша сыналған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!