Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйытқы болуымен түсірілген « Сабыр » қысқаметражды фильмі халықаралық аудиторияның ықыласына ие болды. Туынды «Сineshort» қысқаметражды фильмдерінің әлемдік платформасында рейтинг көшбасшыларының қатарына енді.

Фильмде оқып, жаза алмайтын екінші сынып оқушысы Сабыр­жанның оқиғасы баян­далады. Анасы мен мұға­лім­дері оны түсіне алмайды. Балада дислексия дерті бар екенін білмей, жиі сөгеді. Бұл – үлкендер тарапынан түсіністікті қажет ететін ерекшелік. Фильм маңызды әлеуметтік тақырыпты көтере­ді және көрерменге мектеп­тегі балалардың қиындығына мұқият қарау қажеттігін жет­кізеді.

Фильмнің режиссёрлері – Марина Зиберт пен Дамир Танатов. Жоба ұлттық және халықаралық деңгейде жо­ға­ры бағаланды. «Сабыр» VIII халық­аралық «Baiqonyr» кино­­фес­тивалінің ұлттық бай­қауында «Үздік фильм» жүл­десінің иегері атанды, ал бас­ты рөлді ойнаған жас актёр Салих Бейсенбай рөлін үздік сомдағаны үшін марапатталды.

Сонымен қатар фильм «Umut» халықаралық кинофо­ру­мында «Үздік режиссёр» сый­лығын жеңіп алды. Торон­то­дағы «Peaks Central Asian Film Festival» аясында Солтүстік Америка ­премьерасында ұсынылды.

Айта кетейік, «Cineshort» – бұл дәстүрлі жанрдағы автор­­­лық және фестивальге арнал­ған фильмдерді ұсына­тын Халық­аралық қысқа­метраж­ды­ фильм­дер платфор­масы. «Сабыр» картинасы 9,3 балл жинап, көрермен қызығушылығын ­тудырды.