Олар Ауғанстан туралы видео түсірген.
Жарнамалық бейне Afghanarabc Instagram парақшасында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Ауғанстандағы "Талибан" тобының өкілдері елі туралы видео түсіріп, туристерді көптеп шақыруға тырысқан.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда автомат ұстаған тәліптер үш адамның басына пакет кигізіп, отырғызып қойған. Содан соң "Біздің Америкаға хабарымыз бар" деп тұтқынның басынан пакетті алады да, "Ауғанстанға қош келдіңіздер!" деп ағылшынша сайрай жөнеледі.
Бейнежазбада ер адамдардың автоматтармен көшеде емін-еркін жүргені таспаланған.
Жарнамалық роликтің ирониялық сипатта жасалғаны байқалып тұр. Онда Ауғанстанның табиғаты да көрсетілген. Кадрларда тәліптердің мылтықты гүлмен әсемдеп қойған жері де көрініс табады.