2025 жылдың 10 шілдесі күні таңертең Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға шамамен сағат 10:30-да Төлепова мен Жилстроевская көшелерінің қиылысында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қосалқы жолмен келе жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі басымдыққа ие болған Lada Granta көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada көлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)
5 шілдеде Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы болып, жеті адам қаза тапты.