Қазақстанда алтынның граммы 54 862 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 10 шілдеде алтынның бір граммы 54 862,01 теңге болады.

Өткен бейсенбіде, 3 шілдеде, қымбат металдың бағасы шамамен 55 639 теңге болған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдарының болашағы зор 38 учаске анықталған.

Еске салайық, Қазақстан алтын қоры бойынша әлемнің ТОП-20 елі қатарына кірді. Соңғы 10 жылда елде алтын құрамдас кенді өндіру көлемі 2,2 есе артқан.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында алтынға жалпы сұраныс жылдық есепте 1%-ға өсіп, 1 206 тоннаны құрады — бұл 2016 жылдан бергі бірінші тоқсан үшін ең жоғары көрсеткіш.