Бір адам 4 билеттен артық сатып ала алмайды.
21 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында өтетін Backstreet Boys поп-тобының концертіне билеттер сату 14 шілде күні сағат 12:00-де басталады, деп хабарлады "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов.
Бұл күні Freedom Bank қосымшасында 24 сағаттық пресейл өтеді.
Ал 15 шілдеде сағат 12.00-ден бастап билеттерді Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. Онда 10 түрлі төлем жасау тәсілі қарастырылған, оның ішінде бөліп төлеу де бар.
"Backstreet Boys тобының әлемдік турымен салыстырғанда, Астанадағы концерт билеттері өте қолжетімді болады. Билеттердің бағасы 40 мың теңгеден басталады. Мұндай топтың концертінен ерекше эмоциялар алуға болады деп ойлаймын. Біз алыпсатарлармен, әділетсіз баға қоюмен күресеміз. Бір қолға 4 билеттен ғана сатылады. Яғни, толық ашықтықты қамтамасыз етеміз", — деді "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов.
Backstreet Boys поп-тобы алғаш рет 21 қыркүйекте елордада "Астана Арена" стадионында концерт береді.
Сахнаға топтың бастапқы құрамы толық шығады: Ник Картер, Эй Джей Маклин, Хауи Доро, Кевин Ричардсон және Брайан Литрелл. Бағдарламада негізгі хиттер орындалады. Биыл Backstreet Boys Лас-Вегастағы Sphere сахнасында ауқымды резидентурамен өнер көрсетеді.
Легендарная группа Backstreet Boys анонсировала концерты в Алматы и Астане