Ауыр атлетикадан Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. 9 шілдеде Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді — 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты: 324 (152+172) келі.

Бұған дейін Сауда Арабиясында пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының жүлдегері, отандық спортшының ұсталғанын жазғанбыз.