Өткен маусымда Рамазан Оразов даниялық клуб сапында 23 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов мансабындағы жаңа кезеңді бастады.

Ол даниялық "Силькеборг" клубынан "Елімай" сапына еркін агент ретінде ауысып, ел чемпионатына қайта оралды.

Рамазан Оразов – отандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс есім. Мансабының ең бір жарқын шақтарын ол "Қайрат" пен "Ақтөбе" клубтарында өткізді.

Жасыл алаңдағы ойын мәнері мен техникасы үшін жанкүйерлер оны "қазақтың Модричі" атап кеткен. Бұл оның алаңдағы ойын құрылымын басқарудағы шеберлігі мен интеллектуал ойынына берілген әділ баға.

Шетелдік тәжірибесі де назар аударарлық, Рамазан словениялық "Копер" және даниялық "Силькеборг" клубтарында өнер көрсетті. Енді сол жинақтаған тәжірибесімен ол Семейдің намысын қорғайтын "Елімай" сапында ойынға жаңа серпін беруге дайын.