Жезқазғанда таңертең ерте үш бала балалар алаңын өртеп жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар алдын ала дайындалып, тряпка алып келіп, сырғанақтың астына қойып, от тұтатқаны белгілі болды. Бір сәтте көк жалын тұтанып, пластиктен жасалған сырғанақ пен орындықтар лап ете түсті.

Құтқарушылар өртті сөндіргенімен, алаң жарамсыз күйге түсті. Балалардың ата-аналарына балаларын дұрыс қадағаламағаны үшін әкімшілік жаза қолданылды.