Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ NUR.KZ тілшісі де Әсет Масабаевтың жағдайы туралы ақпарат алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдікке жүгінді.
Айта кетейік, Әсет Масабаев биыл 23 қаңтарда Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Сондай-ақ ол Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз