Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден аса қаржы ұрланды. Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алуға 320 млн теңге бөлінген. Алайда сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген, жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынып, күдіктілер қамауға алынды.