ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден аса көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 млн теңге бөлінген. Алайда сатып алу талаптары бұзылып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан аса атау бойынша электрон дүкеннен сатып алынған. Электрон сауда алаңы арқылы жабдық жеткізілмеген, осылайша жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Күдіктілердің бірі осы табысқа жалпы құны 48 млн теңге тұратын көлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!