Енді Ресейге баратын Қазақстан азаматтары биометриялық тексеруден өтпесе, телефон үшін SIM карта сатып ала алмайды , интернет қолдану мүмкіндігінен айырылады, банктік қызметтер де қолжетімсіз болады. Сондай-ақ жаңа ережелер бойынша Мемлекеттік қызметтер порталында тіркеуден өтіп, жеке дербес шот ашу міндетті. Тиісті шектеулер осы жылдың бірінші шілдесінен бастап күшіне енді. Бір адам 10 SIM картаға дейін рәсімдей алады. Бұл интернет алаяқтыққа тосқауыл қою үшін қажет,- дейді мамандар.

Индира бегайдар