Қазақстанда жазғы демалыс кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен "Салауатты жаз – 2025" атты алдын алу науқаны өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқанның басты мақсаты – жаз мезгілінде балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. Осы шара аясында мектеп оқушылары алдын алу медициналық тексерулерден өте алады, ал ата-аналар тұрғылықты жері бойынша ағартушылық кездесулер мен дәрістерге қатыса алады. Сонымен қатар мектеп медбикелері үшін арнайы оқыту бағдарламасы жоспарланған.

Емханаларда Ашық есік күндері мен "Денсаулығыңды тексер" атты арнайы акциялар ұйымдастырылады. Бұл күндері балалар қосымша тексеруден өте алады.

Биыл созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылып отыр. Олар үшін сауықтыру және бақылау шаралары науқан барысында үздіксіз жүргізіледі.

Министрлік ата-аналардың белсенді қатысуының маңызын ерекше атап өтті:

"Балаларымыз үшін жазды тек қызықты ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы ету – баршамыздың ортақ міндетіміз", — делінген хабарламада.

Бұл науқан елдің барлық өңірлерінде өтіп жатыр және жаз бойы жалғасады.