Мұндай тосын мәліметті Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтып берді.
Оның сөзінше, еліміздегі жолдарда орташа жылдамдықты асыру үшін жаңа айыппұл енгізілуге жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Егер жүргізуші белгіленген орташа жылдамдықтан 60 шақырым/сағат және одан көп асса, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ. Бұл 2025 жылы шамамен 157 мың теңгені құрайды.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты бақылау енгізілген жерлерде осы секілді 15 мыңдай құқықбұзушылық тіркелгенін айтады.
– Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол-көлік оқиғасына алып келсе, онда 20 АЕК айыппұл немесе 6 айға куәліктен айырылу қарастырылған. Егер қарсы жолаққа шығу жол апатына себеп болса, жүргізуші 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл жаза мөлшерін нақтылау үшін жасалып отыр, – деп нақтылай түсті Қ.Сұлтанбаев.