Жол-көлік оқиғасы Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі мен Hyundai маркалы жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

«Оқиға кезінде екі адам түрлі дене жарақатын алған. Олар медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.