Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен елге жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан қазақстандықты қайтарды.

"Ол 2012 жылы 25 наурызда Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды", — деп жазылған хабарламада.

Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтық жасаған күдікті Дубайдан экстрадицияланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!