Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғайды:

  • Бекасыл Ергеш;
  • Альмира Қанат;
  • Аяулым Асқар;
  • Аида Тәукенова;
  • Камила Аймұқашева;
  • Әбдірахман Марипов;
  • Мерген Ғаниев;
  • Нұрбек Ғазез.

Айта кетейік, жарыстар 7-9 шілде аралығында өтеді.