Ресейдің Дағыстан Республикасындағы Буйнакск қаласында ІІМ ғимаратына қолдан жасалған жарылғыш затты қою арқылы теракт жасауды жоспарлаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Дағыстан бойынша Ресей Тергеу комитетінің басқармасы 6 шілде күні терактіні жоспарлаған жасөспірімді ұстағанын мәлім.
"Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 30-бабы 1-бөлігі және 205-бабы 1-бөлігі ("Террорлық акт жасауға оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.
Тергеу мәліметі бойынша, күдікті қылмысқа дайындалып, алдын ала келісілген жерден қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны алып кеткен. Алайда ол өз жоспарын жүзеге асырып үлгермей, құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды.
Бұған дейін Иранның ауған азаматтарын елдеріне депортацияламақ екенін жазғанбыз.