Түркиядағы зообақта Зевс есімді арыстан тордан шығып кетіп, ер адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hürriyet басылымының мәліметінше, оқиға Түркияның әйгілі курортты аймағы Анталияда орналасқан Манавгат ауданындағы Lion Land жануарлар паркінде болған.

"Жануар жергілікті тұрғынды ауыр жаралап, қашып кеткен. Қазір арыстанды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны соңғы рет Илыджа мен Кумкей аудандары арасындағы қонақ үйлердің маңынан көрген", — деп жазады басылым.

Арыстан шабуыл жасаған адам — Сүлеймен Кыр, ол жануарлар паркінің маңында, шамамен бір шақырым жерде жұмыс істеген. Қазір ол ауруханада жатыр.

Бірнеше сағаттан кейін арыстан табылып, залалсыздандырылған.