6 шілде күні өтетін World Boxing Әлем кубогының ерлер мен әйелдер арасындағы финалында қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық жекпе-жектер Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында.

Басталуы – 14:00 және 19:00-де, екі сессияда өтеді.

Қазақстан атынан алты ер және алты әйел боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады. Алғашқы болып күндіз әйелдер шаршы алаңға шығады.

Бірінші болып 48 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – үндістандық спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)