5 шілдеде Алматыда Бостандық ауданына қарасты Ерменсай шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, №64 бағыттағы автобус шамамен сағат 11:19 кезінде тұтанған. Өрт шыққан сәтте автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Өртсөндірушілер жеткенше көлік өртеніп жатқан.

"Сағат 11:30-да өрт толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді қалалық ТЖД.

Бұған дейін Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде ірі өрт болған еді. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз