Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллин Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ертуған Зейнуллин ширек финалда француз спортшысы Юго Громен қолғап түйістірді.

Бұл кездесуде Ертуған төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ертуған Зейнуллин турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде өзіне қола медальды қамтамасыз етті. Ал франциялық қарсыласы Юго Гро жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Ертуған Зейнуллин – жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, студенттер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионы. Ел біріншілігінде топ жарған соң берген сұқбатында ол бокс мансабын қатар ала жүріп, курьер болып жұмыс істегенін де айтқан еді.