Айовада сөйлеген сөзінде Трамп 2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толатынын еске салып, мерейтой аясында ел бойынша түрлі мерекелік шаралар өтетінін жеткізді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үй алаңында өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Біз тіпті UFC жекпе-жегін ұйымдастыруымыз мүмкін, – деді ол.

Трамп UFC президенті Дана Уайтты ерекше атап өтіп, жекпе-жектің Ақ үй аумағында өтуі мүмкін екенін айтты.

– UFC жекпе-жегін Ақ үйдің аумағында өткізсек деп отырмыз. Елестетіп көріңізші, бізде ол үшін жеткілікті орын бар, – деді ол.

Оның айтуынша, жекпе-жекті тамашалауға 20–25 мың көрермен жиналуы мүмкін.

Дегенмен Трамп жекпе-жектің нақты қашан өтетінін және оған кімдер қатысатынын нақтылаған жоқ. Журналистер Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің сөздеріне сілтеме жасап, Трамптың расында осындай мәлімдеме жасағанын растады.