Жылумен жабдықтау желілері жөнделеді.
Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"5 шілде сағат 23:00-ден бастап 6 шілде сағат 08:00-ге дейін Алматыда Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі. Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында, 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", – делінген хабарламада.