Қазақстандық рэпер Qurt (шын аты – Дамир Қойшубаев) жұбайын соққыға жықты. Бұл туралы оның әйелі Аружан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым күні болған. Сол күні Дамир оны шамамен бір сағат бойы белдікпен сабаған. Соққының қатты болғаны сонша – белдіктің ілгегі сынып кеткен. Кейін ол басқа белдік алып, ұруын жалғастырған. Ең сорақысы — Аружанның жүкті екені. Бұл туралы ол өзі Instagram-дағы стористерінде айтты.
Жәбірленуші денесіндегі көгерген іздерді түсіріп алып, ертең құқық қорғау органдарына арыз жазатынын мәлімдеді. Тағы бір дерекке сәйкес, Дамир кейін үйге қайта келіп, Аружанға қысым көрсетіп, ешқандай шағымы жоқ екені туралы видео түсіруге мәжбүрлеген.
Айта кетейік, дәл осы оқиғадан кейін, 3 шілдеде Қойшубаев жаңа альбомын жарыққа шығарып, желіде белсенді түрде сторис жариялап жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ???????????????????? ???? Aruzhan Koishubayeva (@ayyuukkaa)