Қазір Халықаралық ғарыш станциясында 7 адам бар.

Байқоңырдағы ғарыш айлағынан Ресейдің "Прогресс МС-31" жүк кемесі Халықаралық стансаға аттанды.

Бұл туралы "Роскосмос" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Союз" зымыран тасығышы құралды Жер орбитасына сәтті алып шықты. Оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні жоспарланған.

Кемеге жанар-жағармай, су, тамақ және түрлі жабдығы бар 2,5 тоннадан астам жүк тиелген.