Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының бесінші жарыс күнінде бес қазақ боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Басылымның жазуынша, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыста 4 боксшымыз жартылай финалдың және біреуі финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Кешкі сессия | Басталуы – 19:00

2-жұп. 51 келі. Ширек финал

  • Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Юна Нишинака (Жапония)

4-жұп. 65 келі. Ширек финал

  • Сукйонг Канг (Оңтүстік Корея) – Аида Әбікеева (Қазақстан)

5-жұп. +80 келі. Жартылай финал

  • Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) – Елдана Талипова (Қазақстан)

6-жұп. 65 келі. Ширек финал

  • Хюго Грау (Франция) – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан)

8-жұп. 90 келі. Ширек финал

  • Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Емра Ясар (Түркия).

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 6 шілдеде өтеді. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.