Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама каратэшілері 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алып, тарихи жетістік көрсеткені мәлім. Сол Азия додасында жеңіске жеткендерге Қазақстан каратэ федерациясының президенті Евгений Пактың шешімімен арнайы сыйақы табысталды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін елордадағы Олимпиада даярлығы орталығында сертификаттарды федерацияның вице-президенті Болат Хавлахат пен бас хатшы Асқар Молдағали және Мемлекеттік жаттықтырушы Майя Баймағанбетова табыстады.

Каратэ федерациясының мәліметінше жекелей сындағы чемпиондар, жүлдегерлерге және командалық бәсекедегі жүлделі орын иеленгендерге 400 мыңнан 1,2 млн. теңгеге дейін ақша берілді. Жалпы жүлдегерлерге 10 миллион теңге қаржы бөлінді.