Ақмола облысындағы Степногорск қаласының жылу желілері әбден ескірген .

1968 жылы салынған магистраль құбырларының тозу деңгейі 84 пайыздан асқан. Жалпы ұзындығы шамамен 124 шақырым. Осыған байланысты желілерді жаңғырту жұмыстарына Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Қаражат диаметрі 530 мм (миллиметр) болатын 6,5 шақырым құбырды жөндеуге бағытталып отыр. Келешекте "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2025 — 2026 жылдары 5,8 млрд теңгеге диаметрі 820 мм болатын, ұзындығы 9,5 шақырымға тең магистральді жылу желілерін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылады.