Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды .

Қазақстанда "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024–2026 жылдары "Болашақ" стипендиясының иегерлеріне білім алуға және тілдік дайындықтан өтуге ұсынылатын беделді шетелдік университеттер мен ұйымдардың тізіміне бірқатар жаңа оқу орнын қосты.

Жаңадан енгізілген университеттер қатарында:

  • New York Film Academy (АҚШ);
  • University of the Arts London (Ұлыбритания);
  • Royal Academy of Music (Ұлыбритания);
  • I.M. Sechenov First Moscow State Medical University (Ресей);
  • London School of Hygiene & Tropical Medicine (Ұлыбритания);
  • University of California, San Francisco (АҚШ).

Осылайша, шетелдік жоғары оқу орындарының жалпы саны 279-ға жетті.

Жаңартылған тізім 2025 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енді.