Эгей теңізі жағалауындағы Түркияның танымал Чешме курорттық аймағында орман өрті тұтанды. Жалын тұрғын үйлерге дейін жетіп, үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NTV телеарнасының 2 шілдедегі ақпаратынша, өрт Қазақстан уақытымен 15:40-та Ылдыр ауданындағы ауыл шаруашылық алқаптарында басталған. Екпінді желдің әсерінен от орманға таралған.

Өртке байланысты Ылдыр, Гермиян және Нохуталан ауылдарының тұрғындары эвакуацияланды. Өрттен шыққан түтін Чешме курортының жағажайларынан да жайылған.

Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы Измир провинциясындағы Мендерес және Сеферихисар аудандарында бірнеше күннен кейін өрттің сөндірілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталғанын жазғанбыз.