Йемен Иранның тағдырын қайталайды . Израиль Қорғаныс министрі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.
Исраэль Кац әлеуметтік желідегі парақшасында: «Еврей еліне қол көтергендер қолынан айырылып тынады», — деп жазған. Бұл мәлімдеме йемендік хуситтер Израиль аумағына зымыран ұшырғаннан кейін жасалды. Еврей әуе қорғаныс жүйесі ракетаны дарытпай, қағып түсірді. Бірақ үрейі ұшқан Иерусалим тұрғындары жасырынатын жер іздеп шарқ ұрды. АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби америкалық бомбалаушы В-2 ұшақтарының Йеменге де «қонаққа баруы мүмкін» деп мәлімдеді. Иранның ядролық нысандарын жоюға Құрама штаттары дәл осы ұшақтарды жіберген болатын.