Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.

Жаңадан құрылған құрылым Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі деп аталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа құрылымға құқықтар мен міндеттер толық берілгенге дейін, агенттік қызметін бұрынғы тәртіп бойынша жалғастырады.

"Бұл шешім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді үйлестіріп, күшейту мақсатында қабылданған. Агенттіктің бірқатар функциясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне де беріледі", – деп хабарлады ҰҚК.