Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Бекзад Нұрдәулетов елімізде өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта Аустралия елінің өкілі Лахлан Лоусенмен өзара мықтыны анықтаған.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзад Нұрдәулетов 1/2 финалға шығып отыр. Осылайша, ол кем дегенде әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) келесі кезеңге өтсе, Гүлсая Ержан (80 келіге дейін) жарыста өнер көрсетуін аяқтаған болатын.