ҚР Энергетика министрлігі 2 шілдеде Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) шеңберінде Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы тоқтатылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ағымдағы кезеңде министрлік ұлттық компанияларға басымдық беруді қарастыратын келісім шеңберінде жобаны іске асырудың баламалы тетіктерін пысықтауға бастамашылық жасады", – деп хабарлады ведомстводан.

Қарашығанақ — Қазақстанның ірі газ конденсатты кен орындарының бірі. Ол Shell, Eni, Chevron, Lukoil және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) шеңберінде іске асырылады. Бастапқыда Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысы осы келісім аясында жоспарланған болатын.

ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 шілдеде Ливия жағалауында танкердегі жарылысқа қатысты түсініктеме берді. Танкердің қазақстандық мұнайды тасымалдағаны белгілі болды.