"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылғы 3-5 шілде аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Бұл күндері елордада жаңбыр мен найзағай күтілсе, ал екі ірі мегаполиске аптап ыстық ауа райы келе жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы:

  • 3 шілде: ауыспалы бұлтты, түстен кейін қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, түстен кейін екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C ыстық.
  • 4 шілде: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C ыстық.
  • 5 шілде: ауыспалы бұлтты, кей кезде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C ыстық.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы:

  • 3 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C аптап ыстық.
  • 4 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C аптап ыстық.
  • 5 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +37…+39°C аптап ыстық.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы:

  • 3 шілде: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +38…+40°C ыстық.
  • 4 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +41…+43°C ыстық.
  • 5 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27°C, күндіз +40…+42°C аптап ыстық.