Бокстан ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астана өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында Доминикан Республикасының спортшысы Хосе Агустин Трисетпен қолғап түйістірді.

Айбек Оралбай бірінші раундта алған жарақатына қарамастан, керемет бокс үлгісін көрсетіп, жекпе-жектің екінші бөлімінде қарсыласын нокдаунға жіберді.

Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Надежда Рябец (75 келіге дейін) кем деген қола жүлдені қамтамасыз етсе, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған болатын.