ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы маусым айындағы іс-қимыл нәтижелерімен бөлісті. Оған сәйкес, бір ай ішінде шекара кеңістігінде 5 359 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 5 359 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды тіркеді. Оның 4 696-сы — шетел азаматтары.
Сондай-ақ Шекара қызметі қызметкерлері мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды, соның ішінде:
- 62 – қарулар мен оқ-дәрілер;
- 22 – діни әдебиет (346 дана);
- 470 – жалпы сомасы 6,8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
- 837 – жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 178 – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
"Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: 25 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; алды алынған залал сомасы шамамен 34 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бұған дейін Ресеймен арадағы шекарада көлік кептелісі туындап, Қазақстан полициясы үндеу жасаған болатын.