Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Алматыда полиция талабына бағынбаған шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының азаматы тізгіндеген шетелдік нөмірлі BMW көлігін тоқтатты.

Полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүргізуші құжаттарды көрсетуден бас тартып, есіктерді құлыптап, ұйықтап жатқан адам сияқты орындықты көрнекі түрде артқа қисайтқан.

“Мұндай мінез-құлық заңды құрметтемеу және полицияның талаптарын менмендікпен елемеу. Белгілі болғандай, көлік Қырғызстанда тіркелген және бұған дейін Алматыда жол ережесін өрескел бұзғаны үшін бірнеше рет тіркелген. Жалпы төленбеген айыппұл сомасы 404 000 теңге. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды”, — деп хабарлады департаменттен.

Ал полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау дерегі бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналып, ол сот қаулысымен 10 тәулікке қамалды.