Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 519,29 теңгені құрап, тағы да 0,44 теңгеге төмендеді.

2025 жылғы 1 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рубльдің орташа бағамы 6,62 теңге болды (+0,01).

Юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағасы – 518,9–521,1 теңге, еуро – 609–613 теңге, рубль – 6,51–6,63 теңге аралығында.

Дегенмен, 2025 жылғы 1 шілдеде әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.

ICE Futures электронды саудасында қыркүйек айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,21%-ға өсіп, бір баррель үшін 66,88 АҚШ долларын құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,18%-ға қымбаттап, бір баррель үшін 65,23 АҚШ долларына жетті.