Қазақстандықтарға соңғы уақытта желіде белең алып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді, деп хабарлайды

stopfake.kz дерегінше, Facebook-те сауалнамадан өткеніңіз үшін танымал "Золотое яблоко" косметика және парфюмерия интернет-дүкенінен тегін заттар берілетіні туралы жарнама таралуда.

"Бейтаныс адам компания оның анасына қатысты әділетсіздік жасағаны үшін тегін өнім алудың "құпиясын" жария етпек. Бұл әдеттегідей алаяқтық схема",- деді мамандар.

Бұл ретте, "Золотое яблоко" компаниясы өзінің ресми сайтында ескерту жариялады.

"Золотое яблоко" компаниясы ескертеді: барлық ресми онлайн-сатылымдар тек goldapple.kz сайтында және мобильді қосымшада ғана қолжетімді. Акциялар туралы ақпарат тек ресми дереккөздерде ғана жарияланады: сайтта, push-хабарламаларда, email-таратылымдарда және әлеуметтік желілерде. Ақпараттың шынайылығын қолдау қызметі немесе ресми аккаунттарға жеке хабарламалар жазу арқылы тексеруге болады",- делінген ақпаратта.

2025 жылдың қаңтарында клиенттер Қазақстандағы "Золотое яблоко" сатып алушыларына бағытталған бірнеше жаңа алдау схемалары туралы айтты:

  • GoldAppleBOX Advent Calendar тапсырыс беру үшін біздің логотипіміз бар жалған сайттар. Біздің бьюти- бокстарымыз Қазақстанда әлі сатылып жатқан жоқ (бұл мүмкіндікті сәл кейінірек іске қосуға дайындалып жатырмыз). Мұндай сайттар бьюти- бокстар таратпайды, тек деректерді сұрап, картадан ақша ұрлайды;
  • біздің атымыздан ұсынылған сауалнамадан өткеннен кейін "сыйлық алу" үшін карта нөмірін енгізу сұралады. Ақшаңыздан айырылып қалмас үшін олай жасамаңыз!"

Бұған дейін Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда екенін жазғанбыз.